Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елбасы жолдауындағы түйіткілді мәселе – теріс ағымның алдын алу

21.02.2017 3668 0 пікір

Алматы қаласы Дін істері басқармасы мен Алатау аудандық мешіттерінің ұйытқы болуымен Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академясының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы «Теріс ағымның алдын-алудың тиімді жолы – діни сауаттылықты арттыру» жайында болды.

Кездесуге Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы Берік Үйсінбаев және ұстазы Әлібек Алдабаев, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Айдос Алтынбеков және Қазақ автомобиль-жол академясының тәрбие ісі жөніндегі басшы орынбасары Жұпар Алипбаева қатысты.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Айдос Алтынбеков Мемлекет басшысының Жолдауында ел дамуының болашақ бағдарлары қамтылғанын баяндады. Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің қызметкерлері Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауына байланысты жастарды білімділікке, діни сауаттылыққа шақырып, Құран мен хадистен мысалдар келтіре отырып, уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, теріс ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын, діни ілімді алуда тек мешіт өкілдері мен арнайы дін мамандарына жүгіну керектігі ескертілді.

Кездесу соңында жастар пікір алмасып, сұрақтар қойып, қанағатты жауаптарын алды.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру