
Шымкент қаласы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша Жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен «Мəңгілік ел жастары - дәстүрлі дін жолында» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
Кездесуге ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары - Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдірахманов, облыстық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбідкерімұлы және ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары қатысты.
Ашық есік күні шарасы барысында Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдірахманов студенттер тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарна жауап берді.
Ашық есік күні шарасы барысында сұрақардың дені діни сектарлардың зияны, жастардың тәрбиесі, әлеуметтік желілердегі теріс әрекеттер, ата-ананы құрметтеу, телеарналарда имандылық бағдарламалардың санын арттыру, т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді.
Облыстық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі А.Әбідкерімұлы осы бағыттығы ашық есік күні түріндегі кездесулер жиі өткізілетіндігін айтты.
Жалпы кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жалпы саны 600 студент қатысты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.02.2017
4810
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру