
Тарихшы мешіт жанындағы Ғылмани мұражайына келді.
Қазақстанның тарихшылар ұлттық конгресінің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабулдинов мешіт жанындағы Ғылмани мұражай үйіне арнайы ат басын бұрып, Кеңестік кезеңдегі айтулы тұлғалардың бірі Сәдуақас қажы Ғылмани өміріне байланысты зерттеу жұмыстарына орай, мұражай экспонаттарымен танысты.
З.Қабулдинов мұражайдағы тотаритарлық жүйедегі діни ахуалдан сыр шертетін тарихи құжаттар, сол замандағы конференция, съез материалдары, дін қызметкерлеріне қатысты қызметтік жазбалармен және ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ топырағындағы діни өмірді бейнелейтін түрлі фотошежірелермен танысты.
Музей жауаптысы, тарихшы-дінтанушы Бақытхан Солтанбай мұражайдағы әрбір құнды құжаттар мен бағалы жәдігерлердің тарихымен таныстырып, зерттеушіге Сәкен халпенің өмірі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.





Sunna.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.02.2017
4220
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру