
18 ақпан Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан бастаған бір топ мешіт қызметкерлері қаладағы Қарттар және мүгедектер интернат үйінде болып, көңілі қам жандарды зиярат етіп қайтты. Ондағы өзгеше өмірмен, қарттардың тыныс-тіршілігімен танысып, жылы сұхбат жүргізді.
«Алланың разылығы ата-ананың разылығында екендігін» айтқан мешіттің бас имамы Төлеби Дәділұлы үлкенге құрмет көрсету, қызмет қылу, оларға көркем қарым-қатынас жасау арқылы батасын алу исламда да, қартын қастерлеген қазақ халқы үшін де сауабы мол, қайырымды амал екендігін айтты.
Бұдан бөлек, бас имам мекеме қызметкерлерімен мәйітті жерлеу кезіндегі рәсімдерді атқаруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылай отырып, осы бағытта облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті тарапынан тиісті жәрдем көрсетілетіндігін, мәйітті шариғат талаптарына сай кебіндеп, ақтық сапарына шығарып салу рәсімдеріне қажетті дін мамандарының қызметімен қамтамасыз ететіндігін жеткізді.
![]()
Бас имамға көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алған ата-әжелердің бірі құлшылық туралы, намаздың парыздығы мен өліге Құран бағыштау жайлы сауалдар жолдаса, енді бірі бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың жаңсақ қылықтары, дінді ұстанудағы өрескел қателіктері жайлы ой-пікірлерін білдіріп жатты.
Аталған мекеме директоры Болат Исаевтың айтуынша, мұнда бүгінде жалпы саны 260 қарт пен мүгедек жандар тәрбиеленуде. 260 түрлі тағдыр бір шаңырақ астында отбасындай ұйып, өмір кешуде.
Қарттардың бос уақытын білімге арнап, оларға аз да болса ислами тұрғыда сауат аштыру мақсатында мешіттен 50-ден астам ислами мазмұндағы кітаптар, «Иман» журналының бірнеше саны мен шағын кітапшалар әкелініп, қарттардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Сен де үлес қос!» акциясының аясында ет пен азық-түліктермен жәрдем берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.02.2017
3244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру