
Алматы орталық мешітінде «Халал стандарттары» саласы бойынша әйелдер жамағатына арналаған семинар болып өтті. Семинарға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы, ҚМДБ «Халал даму» ЖШС директорының орынбасары Елжанов Ануар қатысып, кіріспе сөз сөйлеп, әйел жамағатының сұрақтарына жауап берді.
Үйдегі ошақ иесі ас әзірлейтін әйел заты болғандықтан халал ас тұтынудың мән-жайын әйелдер жамағатына түсіндірудің маңызы зор.
ҚМДБ "Әйелдер-қыздар" секторының Алматы қаласы бойынша өкілі Ахметова Маржанқызы шариғаттағы харам етілген және халал етілгендер туралы Құран аяттарынан және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен дәріс оқыды.
«Халал даму» ЖШС-нің технолог маманы Әделя Сәбитқызы тағамдық қоспалар жайында тізбектеп айтып, тарқатып берді.
Семинар бағдарламасында заман талабына сай көрнекілік құралдары молынан пайдаланылып, халал өнімінің діндегі және қоғамдағы орны, халал мен харам ұғымы туралы түсінік беріліп, Ислам қағидасы бойынша халал ас тұтыну жайы әйелдер жамағатына түсіндірілді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.02.2017
4005
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру