
Кеше Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі әйелдерге арналған діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттер тағы бір шыңды бағындырды.
Аталмыш сауат ашу курсында араб әліпбиін үйреніп, әр әріптің ақысын бере отырып, дұрыс дыбыстауды үйренген 25 шәкірт бүгінде Құранды оқып үйренуге ықылас қойып, тәжуид ережелерін үйренуде. Осы себепті ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы Құранның қасиетін ұлықталған тағылымды шара ұйымдастырды. Сектор меңгерушісі Диляром Бектаева мен мешіт ұстазы Кенжегүл Қошқарова аталған 25 шәкіртті алғашқы жетістіктерімен құттықтап, Құран кітаптарын сыйға тартты. Ілім іздену және сол арқылы Алла разылығына ие болу жолындағы еңбектеріне берекет тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласына өзге өңірлерден келіп оқып жатқан әрі сауат ашу курсынан сабақ алып жүрген 10 студент қызға ет және азық-түліктермен жәрдем берілді.
Мереке иелеріне арналып, үлкен дастархан жайылып, ақ жаулықты әжелер кішілерге қол жайып, батасын берді. Ілім жолында енжарлыққа салынбай, ықыласты, ынталы болуларын тілеп, пайдалы ақыл-кеңестерін айтты. Құран Кәрімнің қасиеті, оны үйреніп, өзгеге үйреткен адамның Алла алдындағы дәрежесі, ақыреттегі сыйы жөнінде хадистер айтылып, шағын бейнероликтер көрсетілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2017
3654
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру