Бүгін Корея мемлекетінің Алматы қаласындағы Бас консулы Жон Сең Мын мырза ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек Әуесханұлының қабылдауында болды. Алдымен Алматының бас құлшылық үйін аралып, мешіт тынысымен танысқан Бас консул өз таңданысы мен ыстық лебіздерін білдірді. Мешітті аралау барысында ол мұсылмандардың құлшылығы жайында көптеген сұрақтарын қойды. Консул өзінің ақыретке сенетінін, бірақ діндердің арасында қайсысының ең дұрыс екендігіне әзірше көз жеткізе алмай жүргендігін айтты. Оның айтуынша, Ислам діні өте керемет дін. Әсіресе, ондағы тазалық пен адалдық, әділеттілік, қайырымдылық сынды қырлары консулға қатты ұнайды екен.
Өкіл имам өз кезегінде Ислам дінінің бес шарты және оның ішінде Ислам дінін қабылдаудың жөн-жоралғысы жөнінде әңгіме өрбітті. Мешітпен танысқаннан кейін әңгіме Бас имамның кеңсесіндегі дастархан басында жалғасын тапты. Ислам жайында, қазақ елі жайында ұзақ әрі тартымды әңгіменің артынан Бас имам қонаққа ағылшын тіліндегі қасиетті Құран Кәрім кітабын және 7 түрлі қырағаттағы Құран аудиодискісін тарту етті. Консул Ислами мереке немесе ауызашар секілді рәсімдерге шақырылатын болса қуана келетіндігін айтып, алғыстарын айтып қоштасты.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.02.2017
3468
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру