Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте өкіл имам «Ашық есік күні» шарасын өткізді

15.02.2017 3612 0 пікір

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек жергілікті жамағат пен тұрғындарының діни мәселедегі жеке  сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» шарасы  ұйымдастырылды.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара барысында  өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек тұрғындардың діни сұрақтарына тұщымды жауап беріп отырды.

Жалпы, тұрғындар тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтардың дені мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарын күшейту, түрлі ағымдардың алдын алу бойынша,  жастардың тәрбиесі, телеарналарда имандылық бағдарламалардың санын арттыру,  ораза тұту кестесін бір ізділікке түсіру,  т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді.

Осы шара бүгін Қаратау, Әл-Фараби, Абай және Еңбекші  аудандарында болып өтті.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру