Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық имамдар жастармен кездесті

15.02.2017 3591 0 пікір

Елбасы Жолдауындағы 5-ші басымдық діни экстремизм  мен терроризмге қарсы күрестің маңызы жайында өңір жастарын құлақтандыру және сақтану жолдарын түсіндіру мақсатында Ақтаудағы Достық үйінде дөңгелек үстел болып өтті.  Ақтау қалалық мешітінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдерінің қолдауымен өткен шарада қалалық мешіттің  бас имамы Дүйсен қажы Қосниязов пен облыстық мешіттің наиб имамы, жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Елдар Атибеков экстремизмнің залалы және жат ағымдардың жастарды өз құрығына қалай іліктіретіні  жайында баяндама оқыды.

Дөңгелек үстелге облыстағы этно-мәдени орталықтың басшылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Олар өз кезегінде интернеттен уағыз тыңдаудың бұрыс екендігі туралы, жастар санасын жат ағымдар қалай улайтыны жөнінде мол ақпарат алды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру