Қасиетті жұма күні Ақмола облыстық Науан Хазрет мешітінде жергілікті жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолынан интеллектуалды сайыс болды.
Сайыс қалалық мешіт шәкірттері арасында өтті. Әр мешіттен 3 шәкірт қатысып, жалпы 5 топ бақ сынасты.
Алдымен ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі Қыдырмин Қанат сөз алып, жиналғандарға Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін білудің маңыздылығы жайлы қысқаша айтып өтті.
Төрт кезеңнен тұрған тартысты өткен бәсекеде Науан Хазрет мешітінің шәкірттері, жоғары білімін көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға діни кітаптар үлестіріп, жеңімпаз топқа бағалы сыйлық пен Қасиетті Құранды табыс етті.
Nasihat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.02.2017
2995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру