
Діни басқармадан "Әйелдер-қыздар" секторының жұмысын жаңа белге көтеру туралы өкілдіктерге арнайы тапсырмалар жолдап, міндет жүктеген еді.
Осы тапсырмаға сәйкес Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторы «Тәрбие тал бесіктен» атты шара өткізді.
Шара барысында мешіттің әйел-қызр ұстаздары мен сауат ашу курсы шәкірттер арасында «Тәрбие тал бесіктен» атты ашық сабақ ұйымдастырды. Ашық сабақ барысында бесік туралы кең көлемде таныстыру жасалды. Ұлағатты әжелер бесіктің пайдасы мен бесікке бөлеудің маңызы туралы танымдық әрі тағылымдық насихат айтты.
Сонымен қатар, ұстаздар бала тәрбиесіне қатысты салиқалы уағыз айтып, салт-дәстүрден нақты мысалдар келтірді.
«Қыздар тәрбиесі аса маңызды екендігі белгілі. Болашақ аналарға бүгіннен ұлағатты тәрбие берілу керек. Бұл жолғы ашық сабағымыз бесіктің пайдасына арнлды. Келесі де тағы да салт-дәстүрмен ұлттық және ислам құндылықтар астасқан осындай тағылымдық шаралар өткізе береміз» деп атап өтті, шараны ұйымдасытрушылар.
Ашық сабаққа келген әжелер мен әйелдер, қыздар оқу курсының шәкірттері осындай игі шара үшін облыстық мешіт ұстаздарына алғыс білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.02.2017
3960
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру