
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі уағыз-насихат жұмыстарының ауқымы күн санап кеңейіп келе жатыр. Жамағаттың діни сауаттылығын арттыру жолында жемісті еңбек етіп жатқан мешіт имамдары мен ұстаздарының дәрістері кесте бойынша бекітіліп, күн сайын өткізіледі. Бұдан бөлек, мешіт мінберіне еліміздегі білікті дін мамандары арнайы шақырылып, мешіт жамағатының жан-жақты білім жинауына да мүмкіндік жасалған.
Осы орайда, әр апта сайын өтетін жексенбілік уағыз жұмыстарының алатын орны ерекше. Өңірлердегі өкіл имамдар, ұлағатты ұстаздар, исламтанушы ғалымдармен өткен кездесулердің әрқайсысы мешіт жамағаты үшін таптырмас рухани азық екені сөзсіз. Түрлі тақырыптарды қамтыған мамандар уағызына демалыс күні болғандықтан, жамағат та мейлінше мол жиналады.
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі құптан намазынан кейін осындай келелі кездесудің бірі болып өтті. Көкшетау қаласындағы «Науан Хазрет» мешітінің наиб имамы Дінмұхаммед Сманов жамағатқа «Ұстаз бен ғалымның дәрежесі» жайында ой толғап, әсерлі уағыз өткізді. Жалпы Ислам дініндегі ғылым-білімнің маңызы қаншалықты екенін мағыналы мысалдармен жеткізген имам ұлы мамандық – ұстаздықтың қадір-қасиеті туралы тағылымды ойлар айтты.
«Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келген білікті маман «Хикмет» телерадиостудиясына да қонақ болып, «Иман шуағы» бағдарламасының түсіріліміне қатысып қайтты. Бағдарлама жоспарына сәйкес «Исламдағы ахлақ» тақырыбында ой бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.02.2017
3942
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру