Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы «Қарасай батыр» облыстық мешітінде Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауы талқыланды.
Бұл жиынға Алматы өңірі аумағындағы қала-ауыл имамдары, медресе ұстаздары және колледж студенттері қатысты. Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы мемлекет басшысының биылғы жолдауы ел тарихының жаңа бетін ашқан маңызды саяси оқиғаға айналғанын атап көрсетті. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында айтылған өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдардың жасалынуы болашақта бейбітшілік пен тыныштықтың кепілдігіне ықпал ететін болады.
Жиын соңында өкіл имам ҚМДБ-ның тапсырмаларын уақтылы орындау, ағымдарға қатысты уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, мешіт жамағаттарының ауызбіршілігін нығайту, бас бостандығынан айырылған азаматтарға теологиялық тұрғыдан сауаттандыру іс-шараларын арттыру сияқты бірқатар тапсырмалар берді.
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2017
3520
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру