Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жерінде әйел жамағатқа арналған семинар-тренинг өтті (ФОТО)

13.02.2017 3843 0 пікір

Қазақ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген. Үмметтің сау болуы әйел тәрбиесінің түзу болуынан басталады. Талдықорған орталық "Иман" мешітінде нәзік жанды мұсылмандарға арналған семинар-тренинг болып өтті. Семинарға «Нұр-Мүбарак» университеті Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, дінтанушы Әділбаева Шамшат және исламтанушы-магистр Айдарова Мақсат қатысты. Ғалымдар әйелдер жамағатына отбасы құндылығы, тақуалық, бала тәрбиесі және де басқа өзекті мәселелерге тоқталып, кең ауқымды түрде уағыз жүргізді. Кездесу соңында қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді.

Кездесуде өкіл имам Серікхан Рымханұлы "Жетісу" телеарнасына сұхбат берді.

Әйелдер жамағатына арналған насихаттау жұмыстары  Талдықорған қаласы "Жастарға қызмет көрсету орталығында" қыз-келіншектерге арналған еркін отырыспен жалғасты. Отырысқа маман ретінде Шамшат Амангелдіқызы және Мақсат Тұрлыбайқызы қатысты. Облыстық жастар баскармасымен бірлескен түрде өткізілген бұл отырыс сұрақ-жауап форматында өтті. Дін және мешіт қызметі және өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға Талдықорған орталық "Иман" мешітінің наиб имамы жауап берді.

Жалғасын тапқан үгіт-насихат Талдықорған өңірі Кербұлақ ауданы Сарөзек кенті мешітінде семинар-тренингпен аяқталды. Тренинг соңында әйел жамағатына қатысты сұрақтарға жауап берілді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі 
бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру