28-ші Бүкіләлемдік Универсиада аясында ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен әйелдер мен қыз-келіншектер арасында шаңғы тебу жарысы өтті.
Жарысқа қатысушы облыстық орталық «Орал» орталық мешітінің әйелдерге арналған діни сауат ашу курстарында тәлім алып жатқан апаларымыз бен ару қыздарымыз белсене қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттап, таза ауада демалып, дене шынықтырды. Жарыс «Дианамо» демалыс орталығында өтті.
Шаңғы тебуден сайысқа түскен спортшыларға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың арнайы сыйлықтары мен алғысхаттары табыс етілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2017
3974
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру