Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Айнұр Әбдірәсілқызы: «Ұлттық құндылықтарымыз исламмен үндес»

13.02.2017 3870 0 пікір

10 ақпан Ақтөбе қаласына ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы іссапармен келіп, бірқатар білім беру ұйымдарында болды. Колледж, мектеп ұстаздарымен кездесіп, дін төңірегінде өзекті тақырыптарда семинар жүргізді. Қалалық №8 орта мектебінде өткен кездесуге қала мектептерінің психолог мамандары, дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері және дінтанушы, теолог мамандар қатысты.

Кездесу барысында орталық директоры А.Әбдірәсілқызы сенім мәселесі төңірегінде қазақ халқы бағзы заманнан бері ұстанып келе жатқан Матуриди мектебі жайында мағлұмат беріп, ұстаздардың аталған тақырып аясындағы таным-түсініктерін кеңейтті. Қосымша слайдтар көрсетіп, қазақ халқының жырау-ақындарының шығармаларынан мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Қатысушылардың бүгінде қоғамда өзекті талқыланып жатқан мәселелерге қатысты сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, орталық тарапынан әзірленген кітапшалардың, «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша: 20 сұрақ-жауап» сынды бірнеше шығарылыммен басылып шыққан шағын еңбектердің, әсіресе, дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері үшін тәжірибеде өте пайдалы нұсқаулық, әдістеме болатындығын айтты.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру