Бүгінде қоғамда кездесіп жатқан сан түрлі келеңсіздіктердің түпкі себептеріне үңілсек, ата дініміздің талаптарына тірелетінін әркім біле бермес. Ал, адал ас, адал мен арам мәселелері қоғамымызда аз топты ғана алаңдатып тұрғанын аңғару қиын емес. Сондықтан, "Нұр-Мүбарак" университетінің “Қыз Жібек” қыз-келіншектер клубы “Адал, арам және күмәнді тағамдар” төңірегінде семинар өткізді. Ондағы мақсат - отбасындағы ас әзірлейтін, дастархан жаятын, ұрпақ тәрбиелейтін нәзік жандар болғандықтан олардың бұл талаптарды білуі болашақ үшін аса маңызды. Қат мәселе төңірегіндегі маңызды бас қосуда елімізге белгілі исламтанушы Еркінбек Шоқай алғысөз сөйлеп, бұл тақырыптың қоғам үшін өзектілігіне тоқталды. Сонау ықылым заманнан адал асқа аса көңіл бөлген ата-бабаларымыздың тектілікті ту етіп, талай шапқыншылық пен қуғын-сүргіннен жойылып кетпей аман қалуы шариғат талаптарын тіршілігіне тірек етуінде екендігіне шолу жасады.
Ал семинар ашық сабаққа толыққанды ақпараттар әзірлеген “Қыз Жібек” клубының мүшесі Меруерт Тұяқова Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүміндерге мейлінше харамнан сақтану керектігін өсиет еткендігі, сондай-ақ, харам нәрселерді пайдалануда адамның ақиреті мен дүниесіне тиетін зияны мен қауіпі барын ескертіп, харамнан бойын сақтаған адамның екі дүниенің нығметіне кенелетінін сүйіншілегенін айтты. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Халал рызық іздеу – мұсылмандарға парыз»,– деген хадисін айтып:«Бір кісі қырық күн халалдан жесе, Алла Тағала ол кісінің жүрегін нұрландырады, жүрегіндегі хикметті тілінен ағызады»,– деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға қаншалықты пайдалы екенін айтатын деп, адал мен арам мәселесіне қатысты медициналық мәліметтерді алға тартты.
![]()
Ал, осы шараға арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Халал Даму” ЖШС-нің технолог маманы Адиля Шамшетова ханым: “Әлемде «Халал» өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Оны ғаламның 122 мемлекетінде өмір сүретін 1,5 миллиард мұсылман тұтынады. 2005 жылы халал өнімнің жылдық айналымы 5 миллиард долларды құраса, қазір 4 триллион долларға жеткен. Халал стандарты бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін «Total Global Halal industries» атты құрылым бар. Аталмыш құрылымның жұмысын жүргізіп отырған ел – Малайзия. Мәселен, бұл елде шығарылатын өнімнің 95 пайызы халал”-деп халал төңірегінде жан-жақты мәліметтермен таныстырды. Арнайы слайдтармен бүгінгі дүкендерден сатып алатын тағамдарымыз жайлы ақиқатты жайып салды.
Сондай-ақ, қазіргі өз-өзіне қол салу, ауыр қылмыс, ұрлық-қарлықтың да негізінде адал астан алшақтауымыздың жатқаны талқыланды. Мәселен, Еуропа елдері арасында Франция суицид жағдайымен алдыңғы орында тұрса, Орталық Азияда Қазақстан алдына ел салмай тұр. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген дерегі. БҰҰ есебінше, Қазақстанда 2003-2009 жылдары әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 52,4 адам (оның 9,4-і – әйел, 43-і – ер адам) суицид жасаған. Психиатрия, психотерапия және наркология бойынша республикалық ғылыми-практикалық орталығының дерегінше, Қазақстанда жылына шамамен 3 мыңдай суицид оқиғасы орын алуда. Ал осы ащы шындықтың шариғат шектеген хараммен байланысын әркім біле бермейтіні өкінішті.
Осылайша студенттер күнделікті өмірде, тағам, ас мәзірін сатып алғанда және оны әзірлегенде аса мұқият болудың мән-маңызымен ғана шектелмей, қандай тағамдардан сақ болу керектігін қаламмен түртіп, санаға тоқып алып отырды. Мұндай ақпараттық-ағартушылық шарасы өскелең ұрпақ үшін маңызды екенін ескерек, әрбір білім және тәрбие шаңырақтарымен қатар әр отбасы үшін керек екендігін айта кеткіміз келеді. Енді келесі дәріс генетикалық модитфикацияланған ағзалар жайлы болмақ.
Тағы ерекше тоқталып өтетін мәселе, ҚМДБ-на қарасты “Халал Даму” бөлімі бүгінде әрбірін тексеріп, арнайы сертификат берген кәсіпорындарды жиі-жиі бақылауда ұстауы. Сондықтан да ҚМДБ-ның рұқсатынан өткен кәсіпорын өнімдерін тұтыну арқылы әрбіріміз өзімізге орасан пайда келтіріп қана қоймай, жауапты да сауапты шараға нақты қолдау жасайтынымыз анық. Себебі, сұраныс арқылы қоғамдағы адал өндірістің дамуына жол ашылмақ.
Айша КЕҢЕСБАЙ
“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2017
3778
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру