Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков арнайы келіп, зиярат етіп қайтты. Құлшылық ордасына ат басын тіреген құрметті қонақты ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қарсы алып, арнайы жүздесу өткізді.
Тағылымды жүздесу аясында құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен қатар, қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайы да талқыланды. Түйткілді жайттарға орай, ерекше алаңдаушылық білдірген ел ағасы өз ұсыныстар мен кеңесін айтып, ағалық ақылын білдірді. Сондай-ақ, республикалық Бас мешіттің маусым айында аталып өтілетін бесжылдық мерейтойы да кездесудің келелі тақырыбына айналды.
Кездесу соңында Серікбай қажы Ораз абыз ақсақалға өзінің жақында жарық көрген «Тәпсір тұнығы» циклді кітабының 28-парасын таныстырды. Қасиетті Құран аяттарының құпиясы мен құдіретін барша оқырман қауымға жалпақ тілмен жеткізе білген ғалым еңбегін Мырзатай Жолдасбеков қуанышпен қабылдап, алғысын білдірді. Бұған қоса, құрметті қонаққа қазақы дәстүрімізге сай арнайы ескерткіш жәдігер тарту етілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2017
3468
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру