Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам Қазақ-Түрік лицейінде оқушылармен кездесу өткізді

10.02.2017 3638 0 пікір

«Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Салимов Астана қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінің 10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде бүгінгі  қоғамда өзекті болған жастар арасындағы суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау мәселесі көтерілді. Имам мектеп оқушыларына «Суицид – тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында насихат айтты. А.Салимов оқушыларға денсаулық пен өмір Алла Тағаланың аманаты екенін ескертіп, мұндай әрекеттерге бой алдырмауды жеткізді. «Өмірдің кез келген сынақты сәттеріне сабыр қылып, Алла Тағаладан қайырлысын сұрап дұға ету – ең тиімді жол. Сондықтан, сіздер өздеріңізге лайықты кезеңде білім алуды басты ұстаным етіп, осы жолдағы қиыншылықтарды ерік-жігермен, біліммен жеңулеріңіз керек», - деді Бас имам А.Сәлімов.

Кездесу соңында оқушылар өздерін ойландырған сауалдарға тұщымды жауап алды.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру