Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдары Елбасы жолдауын талқылады

10.02.2017 3501 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ пен ынтымақ, бірліктің  кепілі» атты Елбасы Жолдауына қолдау білдіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы, Облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімінің маманы Есов Ерсұлтан, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Маралбек Бақтиярұлы қатысты.

Шараға қатысқан барлық қала және аудан, ауылдық округ мешіттерінің бас имамдарына Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты мен аталған басым бағыттар түсіндірілді.

Ел бірлігі мен дінаралық татулықты сақтаудың маңыздылығы, діни экстремизм құбылыстарымен күресудің қажеттілігін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауда атап өткендігі де айтылды.

Елбасы Жолдауында: «Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» деп айтылған.

Осы және басқа да Жолдау міндеттеген мақсаттар, басым бағыттар мен алға қойған жоспарлар турасында кеңінен сөз болды.

Шарада сөз алған имамдар өз ойларын білдірді.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру