Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада діни сауат ашуға келушілердің қатары артып келеді

10.02.2017 3247 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы шәкірттерге, мешіт жамағаттарына арнап жүйелі сабақтарын өткізуде.

Өкіл имамнан дәріс алушылар өз ризашылықтарын білдіріп, рухани, діни ілімге деген құштарлықтарының артып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, сабаққа қатысушылар саны да артты.

Жалпы, Ислам дінінде ілім алудың маңызы өте зор.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) ілім алудың маңызы жайлы айтқан бір хадисінде: «Расында, ілім иелері – пайғамбарлардың мұрагерлері», - деген екен.

Демек, осындай иігіліктің істің басында болу шәкірттерге ілім беріп қана қоймай, жастардың, тұрғындардың діни сауатттарын арттырып, дұрыс жолға бағыттайды.

Бұл сабақтар жүйелі түрде жалғаса беретін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру