Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыдағы мектеп-интернатта "Пайғамбарымды танимын" шарасы өтті

09.02.2017 4384 0 пікір

Алматы қаласы № 15 мектеп-интернатында «Пайғамбарымды танимын» атты мәдени іс-шара өтті. Шара Алматы орталық мешітінің ұйтқы болуымен және бас имам бекіткен «Жастар іс бөлімінің 2017 жылғы жоспары» аясында өткізілді.

Іс-шара жастардың Аллаға, Оның Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), ата-ана мен мұғалімге деген құрметін ояту мақсатында ұйымдастырылды. Шара "Жастар ісі" өкілі Есім Ержанның уағызымен басталып, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертетін бейнебаяндар мен діни әндер және ғибратты көріністермен жалғасты.

Шараға атсалысқан «Сәлем» патриоттық еріктілер тобы балалармен етене араласып, достыққа шақырды. Бір-біріне қиянат жасау мұсылманның мінезніе жат екенін түсіндірді.

Кеш соңында мектеп ұжымына, балаларға арналған діни әдістемелік кітаптар сыйға тартты.

Алматы қаласы орталық мешіті баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру