«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде дін жанашырлары мен Павлодар қалалық Қажылар Қауымдастығы өкілдері бірлесіп «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш шара «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасында өтті. Шараға Павлодар қаласында тұратын қажы ата-апалар, мешіт имамдары, мешіттегі діни сауат ашу курсының ұстаздары мен шәкірттері, студенттер өкілдері қатысты.
Қатыушыларға алдымен аталмыш кітап бойынша жасалған бейнеролик көрсетілді.
Дөңгелек үстелде С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік Университетінің сәулет-құрылыс факультетінің студенті Данахан Әлімхан «Қазақ халқының имани дәстүрлері» тақырыбында баяндама жасады, қажы ата-апалар «Сәлем-сөздің анасы», «Туыстық байланыс», «Үлкенге құрмет-кішіге ізет», «Отан туралы» және «Көрші ақысы» тақырыптарында қатысушыларға өздерінің дайындалып келге ұлағатты кеңестерін берді. Соңында шараға қатыушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың да пікірлері тыңдалды.
Аталмыш шараны айына бір рет үзбей жалғастырып отыру және шараға жастарды көбірек қамту жайы талқыланды.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.02.2017
3774
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру