Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте "Зекет" қорының оқу-жаттығу семинары өтті

07.02.2017 3464 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында облыстық "Зекет" қорының оқу-жаттығу семинары ұйымдастырылды.  

Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық "Зекет" қорының басшысы Ғалымжан Назаров, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, облыстық мешіт іс басқарушысы Абай Қамбар және қалалық, аудандық "Зекет" қорының жауапты мамандары қатысты.

Семинар барысында өкіл имам Ахметжан қажы Пірәліұлы қатысушы барлық жауапты мамандардың жұмыстарына сәттілік тілеп, зекет жөнінде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

Осыдан кейін, облыстық "Зекет" қорының басшысы Ғалымжан Назаров жауапты мамандаға алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырды. Онда мешіт имамдарымен бірлесіп ай сайын түрлі тақырып негізінде қайырымдылық шаралар  рухани кештер өткізу, мешіт жанынан арнайы зекет бөлмесін ашу, есеп шотқа қаржылай қаржы түсіру, жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу сынты бірқатар нұсқаулар берді.

Сондай-ақ, «Шымкент» медресе-коллежінің оқу базасында "Зекет" қорының жауапты өкілдерінің біліктіліктерін арттыруға арналған семинарларын өткізетін болып шешілді.

Жалпы, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру