
Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы Қайырымдылық үйінде ауылда молдалықпен айналысып, діни рәсімдерді атқарушыларға арналған екі апталық семинар сабақтары басталды. Мұнайлы ауданы бойынша жиналған 20-ға жуық адамға мешіт имамдары Құран, иман негіздері, ғибадат, жаназа, намаз, тәжуид сабақтары жүргізілуде. ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков жаназа тақырыбына арналған семинар дәрісін оқыды.
«Бұл шара - діни рәсімді ҚМДБ пәтуасына сәйкес атқару, жаназадағы іс-шараларды бірізділікке түсіру және ислам қағидалары шариғатқа сай орындалуы үшін арнайы қолға алынып отыр. Өңірдегі молдалықпен айналысып жүрген жандарды аудан бойынша бөліп оқытамыз», - дейді облыстың бас имамы С. Сейтбеков.
Мешіт имамдары мен ұстаздарынан дәріс алып жатқан Елубай Өтепов есімді ақсақал 2010 жылы Өзбекстаннан Маңғыстауға көшіп келген. Ислам шариғатына сауаты болғандықтан өзі тұратын Қызылтөбе ауылының тұрғындары азан шақырып ат қою, неке қию, иман үйіру, жаназада, садақада Құран оқу секілді діни рәсімдерді атқару үшін жиі шақырады екен. 77 жастағы қария семинардан үйреніп жатқаным көп дейді. «Бұрын оқығандарым еске түсіп, жақсы білім алып жатырмын. Исламда тал бесіктен жер бесікке дейін білім алу – парыз, 90 жылдардан бері осы молдалықпен айналысамын, жасым үлкейгеніне қарамастан білімді азаматтардан білмегенімді үйреніп, сауалдарымды қойып, жауап алып жатырмын . Ұмытып қалғанымызды еске түсіруге көп көмегі тиюде», - дейді Е.Өтепов.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.02.2017
3603
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру