Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Аудан имамдарына жолдау түсіндірілді

07.02.2017 3363 0 пікір

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Әбу Бәкір» мешітінде мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына Жолдауына қолдау аясында  «Елбасы жолдауы - жарқын болашақ кепілі» атты семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – аудандағы мешіт жамағатына Елбасының Жолдауын баяндап, үстіміздегі жылдың жұмыс жоспары айқындалды.

Семинарда Наурызбай ауданы бойынша мешіттердің Бас имамдары мен  барша қызметкерлері және мешіт жамағаттары мен ақсақалдар бас қосты.

Аталмыш жиынды аудан имамы Ахметов Мәди ашып, Елбасының Жолдауын жиналған жұртқа баяндады. Өз кезегінде сөз алған Қалқаман мешітінің Бас имамы С.Саттарқұл «Осы Жолдау аясында жұмыс жасап, еліміздің көркеюіне үлес қосуымыз әрбіріміздің азаматтық міндетіміз», - деп сөз түйіндеді.

Жиын соңында ақсақалардар бата беріп, дұға жасады.

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру