Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар имамдары Елбасы Жолдауына үн қосты

07.02.2017 3296 0 пікір

Павлодар қаласы  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде еліміздің маңызды кезеңінде жасалған Елбасы Жолдауына арналғана  «Елбасы Жолдауы - жарқын болашаққа жетелейді»  тақырыбында қала, аудан, ауыл имамдарына семинар-жиналыс ұйымдастырды.

Аталмыш шараға облыс имамы Н.Исенов, облыстық Дін істері басқармасының бастығы Д.Закарьянов және  қала, аудан имамдары   қатысып,  өз ойларын ортаға салды.

Жиынды ашқан өкіл имам Нариман Ермекұлы Елбасы Жолдауының жүктеген міндеттері жайында имам-молдаларға түсіндіре келе, ел руханиятын көтеріп, халықтар мәдениеті мен рухани тұтастығын сақтауда баса назар аударуды қажет ететін жайттар туралы «Елбасы Жолдауы-жарқын болашаққа жетелейді» тақырыбында қысқаша  баяндама жасады.

«Мемлекетіміздің болашаққа жасаған бағдарлы жоспарын жүзеге асыру үшін Елбасымыз үлкен міндеттерді алдымызға қойды. Ұлтжанды ұрпақ өсіру, саналы жастарды білім-ғылымға құлшындыру қашанда маңызды. Бұл ретте жастар санасына кері әсерін тигізетін жат мәдениеттерге тоқсауыл қойып, діни теріс ағымдарға тұсау салу керектігін баса айтты. Қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі жат ағымның үгіт-насихатына жол бермеуіміз керек. Халқымыздың бірлігіне сына қағып, бүлікке әкелетін ағымдарға қарсы күрестің қарқыны артуы тиіс», - деді өкіл имам өз сөзінде.

Діни саланы одан әрі жандандырып, руханиятты нығайтуға қатысты қала имамдары өз ой-пікірлерін ортаға салды. Осыған орай, Бас имам Павлодар қаласы мешіт имамдарының осы күнге дейінгі, жат ағымдар мен бас бостандығынан айырылғандардың жазасын өтеу колонияларындағы атқарып келген жұмыстарын Жолдауға сай одан ары жандандыруын тапсырды.

Семинар жиналыс соңында имамдар алдағы уақыттарда кезек күтіп тұрған іс-қызметтерін талқылады.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру