Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлады

07.02.2017 3711 0 пікір

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен осы мешітке қарасты әйелдердің діни сауат ашу курсы шәкірттері тірек-қимыл жүйесі ауруына шалдыққан балаларға арналған «Самал» оңалту орталығында болып қайтты.  

Әйелдер мен қыздар тәтті кондитерлік тағамдар әзірлеп, азық-түлік сатып алып, балаларға арналған үлкен дастархан жайды. Сонымен қатар, концерт ұйымдастырды.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) балаларға, әсірісе, соның ішінде қамқорлыққа аса мұқтаж жандарға өте мейірімді болған.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жихад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», - деген.

Ұстаз Жұлдыз Қажуеваның айтуынша, Ислам діні мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамқорлыққа алуға үндейді және оларға қоғамдағы басқа адамдармен тең құқық пен міндеттер беріледі. Өйткені бұл тұрғыдан бай адам мен кедейлер арасында, денсаулығы мықты және мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында еш айырмашылығы жоқ.  

«Ислам діні мүмкіндігі шектеулі жандарға сүйспеншілікпен, мейірімділкпен қарауға шақырады,  біз мұндай адамдардың кемшіліктеріне кешіріммен қарап, қамқорлықты аямауымыз керек», - дейді Жұлдыз ұстаз.  

Алла Тағала біздің игі істерімізді қабыл алсын! 

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру