Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда араб каллиграфиясының көрмесі өтіп жатыр

06.02.2017 3220 0 пікір

 

Алматыда араб каллиграфиясының көрмесі өтіп жатыр

Алматы қаласындағы Almaty Towers сауда орталығында белгілі қазақ каллиграфы Асылбек Орынбасаров жұмыстарының көрмесі өтіп жатыр. «Каллиграфия – сызықтар поэзиясы» деген атаумен ашылған көрме жұмыстары аясында суретші осы өнер жайлы шеберлік сағаттарын да өткізіп келеді. Сондай-ақ, химия ғылымдарының докторы, профессор Диас Мырзақожаның табиғи әтірлер жасау жөніндегі дәрісі де болып өтті.

Айта кетейік, Асылбек Орынбасаров – Алматы қаласындағы алғашқы каллиграфия мектебін ашып, ортағасырларда пайда болған «сиягет» атты қазақы стильді жаңғыртқан суретші. Мысыр мен Түркия елдерінде білім жетілдірген ол атақты Хассан Челчбиден дәріс алған екен.

Көрме жұмыстары ақпан айының 28-жұлдызына дейін жалғасады.

Muslim.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру