Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Елбасы Жолдауы - жарқын болашаққа жетелейді» атты семинары өтті

03.02.2017 4238 0 пікір

Шымкент қаласы  облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына Жолдауына қолдау аясында  «Елбасы Жолдауы - жарқын болашаққа жетелейді» атты семинары өтті.

Аталмыш шараға облыс имамы А.Керімбек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғ.Маймақов, облыстық «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің директоры  Н.Тұрсынбай, «Қамар» қайырымдылық мекемесінің төрағасы А.Есей, дінтанушы  Қ.Маджанов және  қала, аудан имамдары  мен  «Шымкент» медресе-колледжінің ұстаздар қауымы қатысып,  өз ойларын ортаға салды.

Шараны алдымен облыс имамы А.Пірәліұлы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Осыдан кейін, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғ.Маймақов кезекті жолдаудың артықшылықтарын тізбектеп берді.

Жалпы, іс-шараға қатысушылар өз ризашылығын білдіріп, Елбасымызға үлкен қолдау білдірітіндерін жасырмады.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру