Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әйелдер-қыздар» секторы жастармен кездесті

03.02.2017 3513 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің «Әйелдер - қыздар» секторы жылдық жоспарға сәйкес өз жұмысын бастады.

Қаладағы «Жас өркен» колледжінде сектор жетекшісі, қалалық «Айтбай» мешітінің ұстазы Файзуллина Марал және орталық «Ақмешіт  - Сырдария» мешітінің ұстазы Сейтпенбетова Мөлдір кездесу өткізді.

Кездесуге аталмыш оқу орнының студент қыздары қатысты.

Шара барысында қыз балаларға имандылық, салт-дәстүрді сақтау, рухани құндылықтардың маңызы мен Ислам дініндегі қыз балалардың тәрбиесі, ролі жөнінде ақпарат айтылды.

Сондай-ақ, жат ағымдардың алдын алу, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастардың сұрақтарына жауап берілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру