Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Елбасы жолдауы 200 имамға түсіндірілді

02.02.2017 4319 0 пікір

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын Алматы қаласы имамдары талқылады.

Осы жиынға Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Айдар Рақымжанұлы арнайы қатысып, Елбасы жолдауына қысқаша шолу жасады.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында:

«Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады.

Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек.

Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет.

Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс»,- деп діни бірлестіктерге бағыт-бағдар көрсетті.

Осыған орай, Бас имам Алматы қаласы мешіт имамдарының осы күнге дейінгі, жат ағымдар мен бас бостандығынан айырылғандардың жазасын өтеу колонияларындағы атқарып келген жұмыстарын Жолдауға сай одан ары жандандыруын тапсырды.

Жиын барысында тәжірибелі имам Қалқаман-2 мешітінің бас имамы Саттарқұл Мейрман мен Алматы қаласы Жастар ісі өкілі Есім Ержан сөз алып, Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Жиын соңында Елбасы Жолдауының кітапшасы бірнеше нұсқамен таратылды.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру