Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шу ауданында ұстаздармен кездесу өтті

01.02.2017 3845 0 пікір

Шу ауданына арнайы шақыртылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы қасиетті жұма күні Шу аудандық Төлеби мешітінің жамағатымен кездесті. Келген қонағымыз жиналған жамағатқа «Иман мен амал» жұма тақырыбына сай әсерлі уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар, Бауыржан Әлиұлы аудандық мәдениет үйінде «Діни экстремизм және жастар» атты конференциясына қатысып, мектеп оқушыларымен кездесті. Оларға қоғамдағы жат ағымдар тақырыбы турасында уағыз айтты.

Жұма күні ақшам намазымен құптан намазында Төлеби мешіті жамағатына Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәуліт кешіне арнайы шақыртылған қонақтарымыз, елімізге танымал ұстаз Ризабек Батталұлы және Жасұлан Жүсіпбек «Құлшылық» және «Білім алу маңыздылығы» турасында әсерлі дәрістер жүргізді.

Жамағат ұстаздарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық

Төлеби мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру