
Жамбыл облысы Шу аудандық Төлеби мешітінде ауданға қарасты ауыл молдаларына бір күндік семинар өткізілді. Оған «Нұр-Мүбарак» университетінің докторанты Оралхан Рахматбекұлы, «Нұр-Мүбарак» университеті мешітінің бас имамы Құрмет Смағулов және Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы қатысты.
Семинардың мақсаты ауыл молдаларының өзекті мәселелерін ортада талқылап, атқарып жатқан жұмыстарына қатысты қосымша дәріс беру, молдалық қызметті жоғары деңгейде атқаруды жетілдіру, ҚМДБ-ның бекітіп берген төрт бағыты бойынша қаншалықты жұмыс атқарылып жатқаны жайында, сондай-ақ, басқа да күрделі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, семинарда ҚМДБ-ның бекіткен төрт құжатының бірі «Имамның тұлғалық келбеті» кітабынан дәріс жүргізілді.
Жиналыс соңында ауыл молдалары келген ұстаздардан көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық
Төлеби мешітінің баспасөз қызмет
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.02.2017
3326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру