
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Бүгінгі жас – ертеңгі ел тұтқасы» атты шара ұйымдастырылды.
Шараға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары мен мектеп бітіруші оқушылар қатысты.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан, қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Әбжанов Нұрлан, Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Садықов Жеңіс қатысып, жастарға асыл дініміз ислам тұрғысында ауқымды уағыз-насихат жасады.
Қатысушы жастарға ел болашағы үшін білім алудың маңыздылығын аят-хадистермен түсіндіріп, ілім алудың маңыздылығын жеткізді.
Жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Н.Керімбеков білімді әрі жүрегінде иманы бар жастар ғана өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қойғандығын, Әл-Фараби, Абай, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов секілді тұлғалар секілді халқының адал қызметкері болуды насихаттады.
Шара барысында жастардың имандылыққа, білімге деген қызығушылығы олардың қойған әрбір сауалдарынан байқалып тұрды.
Кездесу соңында имамдар сауалдарға жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2017
3678
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру