
Апта басында Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінде әйелдер жамағаты ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін жатқа айтудан сайысқа түсті. Сайыс ҚМДБ Атырау өкілдігі бойынша "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен өтті.
«Сүннет» және «Ахлақ» атты екі топ арасында өткен сайыс 7 бөлімнен тұрды. 1). Санаулы минут ішінде әр топ хадистерді жатқа айту; 2). Хадисті кезектесе айту; 3). Берілген сөздерге сәйкес хадис айту (берілген сөз хадисте қамтылуы керек); 4). Топ басшыларының сайысы (топ басшылары қойылған сұрақтарға хадиспен жауап береді); 5). Бірінші топ айтқан хадистің авторын екінші топтың табуы; 6). Берілген суретке орай хадис табу; 7). Хадистердің мағынасына түсінік беру.
Мешіт жанындағы сауат ашу курсының қыздар жамағаты қатысқан бұл сайысқа Сақыш Тіленова, Айжарқын Түзелова, Бибінұр Қармысқызы сынды ұстаздар әділқазылық етті. Сайыстың қорытындысы бойынша «Сүннет» тобы жүлделі 1-орынға ие болып, «Ахлақ» тобы екінші орынды қанжығасына байлады.
Сайыс өте тартысты өтті. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін жатқа айтудан алдына жан салмаған жас қыздар жамағатының қадамы көңіл қуантарлықтай. «Білім жарысы ең хайырлы жарыс» десек, жастың шағын ілім жолына арнап жүрген шәкірттердің әлі де талай игі істерімен топ жаратыны анық. Алла Тағала қадамдарын сауаптан жазып, ілімдерін арттырғай!
Гүлбану Нұрымқызы,
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.01.2017
4078
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру