Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда Мәуліт тойланып, діни сауат ашу орталығы пайдалануға берілді (ФОТО)

31.01.2017 3424 0 пікір

Қарағанды қаласының «Кеншілер» мәдениет сарайында облыстық орталы мешітінің ұйымдастыруымен екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айына орай «Пайғамбарлыр падишасы» атты рухани мәуліт кеші өтті. Мұсылман қауым молынан жиналған ғимаратта халықтың көптігінен ине шаншар жер болмады.

Рухани мерекеде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы, "Нұр-Мүбәрак" ислам университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы қатысып, жиналған мұсылман қауымды осы бір ұлық мерекемен құттықтады.

Сахна төрінде  Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен үзінді ретінде қойылым көрсетіліп, діни термелер айтылып, күй шертілді. Салауат бұрышы қойылып, сансыз салауаттар айтылды.

Кеш соңында Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа жиналған мұсылман қауымға өзінің игі тілегін білдіріп, алғысын айтты.

Дәл осы күні Қарағанды облыстқы орталық мешіті салдырған «Діни сауат ашу орталығының» ашылу салтанаты өтті. Ғимараттың ашылу салтанатында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы имамдар мен медресенің салынуына ат салысқан демеушілерге алғыс хаттар табыстады. Алдағы уақытта аталмыш сауат ашу орталығында оқушылар Құранға түсіп, араб тілін меңгере алады.

 

                            Қарағанды облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру