Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау өңірі Мәуліт мерекесін атап өтті (фото)

30.01.2017 2951 0 пікір

27 қаңтар күні Атырау жұртшылығы көптен күткен Мәуліт мерекесін атап өтті. Тағылым-тәрбиелік мәні зор болған бұл кеш Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін қадір тұтып, бір-біріне айна іспетті бауыр болған мұсылман үмметінің басын бір арнаға тоғыстырған бірлік пен береке кеші болды десек, артық айтпағанымыз.

570 орындық театр орындығына сыймай, 2 сағаттан да артық уақыт аяғынан тік тұрып Мәуліт кешін тамашалаған ағайынның жылы жүз, нұрлы жанары осынау бір ең аяулы сезімді аңдатқандай еді...

 

 

Осы орайда ҚМДБ Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы көп көңілін дөп басқандай: «Біз – бақыттымыз. Себебі, біз – Алла Тағаланың ең сүйікті елшісі, қасиетті Құран-кәріммен сүйіншіленген адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмметіміз. Сондықтан да Алла Тағала нәсіп еткен тағдырымызға шүкіршілік айтып, пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтай білуіміз керек. Дініміз пайғамбар (с.ғ.с.) нұрына қауышатын екі жолды көрсетіп қойды. Оның біріншісі салауат айту, екіншісі – пайғамбарды (с.ғ.с.) өз жанымыздан да артық жақсы көру», –деді. Пайғамбарына (с.ғ.с.) деген ерекше сағыныш, ерекше ынтық ықыласпен бар зейінін сахнаға салған жамағатқа бұл сөздердің әсер ептпеуі мүмкін емес-ті. Әсіресе, бас имам пайғамбар (с.ғ.с.) мейірімін еске алған тұста, көзіне жас алмаған жан кем болды.

Құранмен ашылған Мәуліт кешіне Атырау облысы әкімі орынбасары Ә.И.Нәутиев қатысып, өңір халқын айтулы мерекемен құттықтады.