Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сен көркем мінез иесісің – Иа, Расулалла!» атты рухани кеш өтті

27.01.2017 3566 0 пікір

ОҚО Сарыағаш аудан, Келес өңірі  Абай ауылындағы ауылдық  мәдениет үйінде «Сен көркем мінез иесісің – Иа, Расулалла!»  атты рухани шара болып өтті.

Рухани шараға  ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамы орынбасары Садиев Амантай, Шымкент қаласы және А.Қаттани мешітінің ұстазы Данабек Жумабековтер Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен, ислам тарихынан сыр шертсе, өзінің илаһи ән-жырларымен халықтың ықыласына бөленіп жүрген Сержанәлі Әлібек кешке келген көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлады.

Келес халық театр өнерпаздары «Өмір айнасы» атты қойылыммен көпшілік жұрттың  жүрегін елжіретті. Жиылған жұрт діни-мерекелік кештен өзгеше әсер алып тарасты.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру