
Бүгін облыстық «Руханият» музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясына арналған «Қазақстан Халқы Ассамблеясы – этносаралық ықпалдастықтың басты тетігі» атты талқылау сағаты өтті. Шара барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде жаңа қазақстандық патриотизмнің базалық негіздерін айшықтау және ілгерілету жөніндегі жұмысты жандандыру және жалпыұлттық идея – бірлігімізді ұрпағымыздың бойына сіңірудің маңыздылығына баса мән берілді.
Тақырып аясында өзіндік ой-пікірлерімен бөліскен кеш меймандары ұлан-ғайыр қазақ жеріне 130-дан астам ұлт өкілдерін сыйдырып, оларды бір шаңырақ астында бірлікке ұйыстыра білген Елбасының сарабдал саясаты жайлы сөз қозғады. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ «Мониторинг және сараптама» бөлімінің маманы Т. Сапаровтың айтуынша, бүгінде кей бейресми мәліметтерде көрсетілгендей облысымызда шамамен 90 түрлі ұлт пен ұлыстар өмір сүруде. Сондай-ақ, 18 этномәдени бірлестіктер жұмыс жасап, әр түрлі ұлт өкілдеріне өз салт-дәстүрлері мен тілдерін, ділдерін үйренуге, танып-білуге жағдай жасалуда.
Кешке оқу ісінің үздігі, ардақты ұстаз, «Руханият» танымдық клубының жетекшісі Ж.Абдуллина және ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Темірханов та қатысты. Өз сөзінде Алла Тағаланың адамзатты бір-бірлерін танулары үшін әр түрлі ұлыстар мен ұлттар қылып жаратқандығы жайлы Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтірген «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Алланың Хақ Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ғана емес, сондай-ақ, саяси сауатты, кемеңгер тұлға болғандығын да атап өтті. Бейбітшілік сөзінен бастау алатын ислам дінінде де ауызбіршілік пен амандықтың, татулық пен тұрақтылықтың құпталатындығын айтты.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2017
3928
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру