Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе жастары қайырымдылық шарасын өткізді

25.01.2017 3614 0 пікір

ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі және қаламыздағы «Қайырымды жандар», «Рақым нұры» және «Жүректен жүрекке» атты үш бірдей еріктілер тобының ұйымдастыруымен өзгенің көңіліне қуаныш ұялатып, жүрегіне жылу сепкен тағы да бір шара өтті.

Қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарды «Береке» демалыс орталығына апарып,  олармен бірге күндерін көңілді өткізген жастар өзгеге қамқор болып, жақсылық жасау үшін қаражаттың не күш-қуатыңның көптігі қажет емес, жүректе ниеттің болуы  жеткілікті деп есептейді. Жанарларында жалын, бойында жігер тасыған олардың бұл жастық позитиві жанындағыларға да берілгендей болды. Кейбірі темір арбаға таңылып тіршілік етсе де, мүмкіндігім шектеулі деп мойымаған жандар бір-бірімен балаша ойнап, коньки, шаңғы теуіп сырғанады. Ашық аспан астында әзіл-әңгімелері жараса қыс қызықтарынан соң, демалыс орталығының дәмханасынан түскі ас ішті.

ҚМДБ-ның Жастар ісі  бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Асылхан Темірханов шараға тікелей атсалысқан «Береке» демалыс орталығына ерекше алғысын білдіріп, мекеме қызметкеріне шағын сый-сияпат ұсынды. Сондай-ақ, осы тектес көптеген қайырымдылық шараларына белсене қатысып, өзгелерге сөзбен емес, ісімен үлгі боп жүрген үзеңгілестеріне де рахметін айтып, ізгіліктен қол үзбеуге шақырды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру