Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті

24.01.2017 3889 0 пікір

Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 160 балаға Жастар ісі бөлімі атынан сый-сияпаттар табысталды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне эстрада әншілері ән айтып, клоун театрлық ұжымы өнер көрсетіп, көңіл сергітер түрлі спорттық ойындар ойнатылды.

Ғибратты шараға Алматы орталық мешіт қызметкерлері Ашимов Қасым мен Жастар өкілі Есім Ержан қатысты. Іс-шара барысында Жастар өкілі сөз сөйлеп, тәуелсіздігіміздің  25 жылдық мерекесімен құттықтады.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру