Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау қаласы «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті

23.01.2017 3724 0 пікір

Қаңтар айының 21-і күні Атырау қаласы «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс өтті. Жұмыскер мөлтек ауданы мешітінде өткен жиынды мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жүргізіп отырды.

Жиын барысында ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы сөз сөйлеп, «Ислам дініндегі достық» тақырыбында уағыз айтты.

Бас имам Ислам дінінің бауырмалдық діні екенін айта келе, дініміздегі достық тақырыбында сөз қозғады. «Дініміз бойынша адамдардың бір-біріне сүйіспеншілік танытуы, бауырына қолдау көрсетуі – бауырластық үлгісі. Осы орайда «Мұсылман – мұсылманның айнасы» екенін естен шығармаған абзал. Бұл – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті», – деп жамағатты бауырмал болуға шақырды.

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша 

 баспасөз қызметі, «Әт-тақуа» мешіті


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру