«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Назарбаев зияткерлік мектебінде 10-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге аталмыш мешіттің ұстазы Хамзат Әділбеков және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Аян Алыпқашев қатысты. Мешіт ұстазы Хамзат Қажымұратұлы «Имандылық – тәрбие негізі» тұсында әңгіме өрбітті. Наиб имам Аян Болатұлы жастар ісінің жұмысы жайында және ұйымдастырылған іс-шараларға өздері сияқты жастардың белсенді атсалысатындары жайында әңгімелеп берді. Шара соңында оқушылар өз сұрақтарына дін қызметкерлері тарапынан жауаптарын алды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2017
3647
0 пікір




+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру