
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат курсында дәріс алатын әйел шәкірттер арасындағы білім сайысы өз мәресіне жетті. Сайыстың іріктеу кезеңіне қатысқан 65 шәкірт арасынан суырылып шыққан алты үміткер бүгін ақтық айналымда білім сынасты.
Былтырғы жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан білім байқауының бұл жолғы сынағына ҚМДБ-ның бастамасымен жарық көрген «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» кітабы арқау болды. Шариғаттың шеңберіндегі салт-дәстүрімізді дәріптеп, тәрбие мен сүннетке сусындатқан іргелі еңбектің негізінде дайындалған ақтық айналымның сынағы іріктеу кезеңнен әлдеқайда күрделі тақырыптарға арналды. Алайда алты үміткер де асқан білімпаздық көрсетіп, өз жауаптарымен жамағатты да, қазылар алқасын да тәнті етіп отырды. Айта кетейік, шәкірттердің білім деңгейін бағалап, төрелігін айту Елордамыздағы ең білікті ұстаздары Аусағатова Әлия, Салыбек Гаухар, Динара Нұрғалиеваларға жүктелген болатын.
Сайыс қорытындысы бойынша Білім байқауының бас жүлдесі Шынәділ Салтанатқа (90,5 ұпай) бұйырды. Ұпай саны бойынша сәл қалыс қалған Тұяқбай Асылым (90,3) мен Әзербай Гүлмира (90,1) І мен ІІ орынды бөлісті. Ал, 89 ұпай жинаған Баймахан Аймарал сайыстың ІІІ-орын жүлдесіне ие болды. 65 шәкірт арасынан ақтық айналымға жолдама жеңіп алған Жуасова Әсем мен Есім Айкүнімге арнайы ынталандыру сыйлығы берілді. Жеңімпаздардың барлығы «Әзірет сұлтан» мешітінің арнайы дипломы және ақшалай жүлдемен марапатталды.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2017
3685
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру