
17 қаңтар күні «Иманғали» орталық мешітінде екі дүние сардары, асыл Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген айы – Мәуліт мерекесіне орай мұқтаж жандарға азық-түлік таратылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ жандардың аз да болса көңілін көтеріп, оларға көмек қолын созу мақсатында ұйымдастырылған шараны мешіттің Бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, Мәуліт айының қадыр-қасиеті, қасиетті айда жасалатын құлшылықтар жайлы аз-кем уағыз-насихат айтты.
«Мешіт – Алланың үйі. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіне сүннет болған ілім ордасы. Тәлім-тәрбие ошағы. Сондықтан мешіттерімізден ізгілік іздеп, қайырымдылық күткен амал-ниеттеріңізді Алла Тағала сауаптан жазсын! Мәуліт мерекесінде Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұлықтап, салауат айту – баршамызға ортақ мұсылмандық міндет. Осы дәстүрді ұрпағымызға өсиет етіп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін жете тануға ұмтылу – ұлттық тұтастығымыздың кепілі. Бірлік-берекенің бастауы», – деді Бас имам.
Айта кету керек, игі шара барысында 30-ға жуық отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.01.2017
3573
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру