Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда мешіт жамағаттары арасында волейбол жарысы өтті

17.01.2017 3661 0 пікір

Қостанай облысы Федоров ауданы «Жиентай қажы» мешітінің жамағаты мен Успенов ауылы жамағатының арасында спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді.

Оның алдына қойған мақсаты - жастарды салауатты өмір салтына, спортқа тарту болатын. Оны жете түсінген қауым ойынды ұйымдастыруға белсене атсалысты.

ҚМДБ тарапынан соңғы жылдары  мұндай тәрбиелік мәні зор шараларды өткізуге ерекше назар аударылып келеді.

Федоров ауданында ұйымдастырылған жарыстан оған қатысушылар үлкен әсер алды. Мұндай спорт түрлерінен ойындар алдағы уақытта өңірдің  өзге де аудандары мен елді мекендерінде жалғасын таба береді деген үміттеміз.   

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру