Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында білім байқауы өтті (ФОТО)

16.01.2017 3363 0 пікір

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсында тәлім алатын әйел шәкірттер арасында дәстүрлі білім байқауы болып өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған білім байқауының биылғы тақырыбына отбасы құндылықтары арқау болды. Дәлірек айтқанда, білім сайысының сұрақтары ҚМДБ-ның бастамасымен жарыққа шыққан «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты еңбекке сүйене отырып жасалған.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2015-жыл халыққа жол тартқан аталмыш еңбекте шариғат бойынша шаңырақ көтеру, үйлену үкімдері, сондай-ақ, салиқалы ұрпақ сүюдің әдептері мен шариғи үкімі, нәресте дүниеге келгеннен соң орындалатын мұсылмандық салт-жоралғылар жайы да кеңінен қозғалған. Тіпті сәбиге ат қою мәселесі де егжей-тегжейлі қарастырылған.

Сайысқа қатысуға «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни дәріс алатын нәзік жанды шәкірттер арасынан 65 үміткер өтініш білдіріп, өз білімдерін сынап көрді. Мешіт ұстаздары Эльмира Бұхарбаева мен Гүлдана Кулсумуковалар әзірлеген арнайы сайыс билеттерінде отбасылық өмірде негізге алатын шариғи қағидалар мен әдеп түрлері, бала тәрбиесі мен мұсылман әйелінің міндет-құқықтары жөніндегі тест сұрақтары берілген. Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тақырыптарға қатысты айтқан хадистерін жалғасын жазу секілді аралас сұрақтар да шәкірттердің білім деңгейін анықтайтын болмақ.

Сайыстың жалпы нәтижесі мешіт ұстаздарының арнайы тексеруінен кейін белгілі болады. Балдық жүйе бойынша жоғары ұпай жинаған шәкірттер білім байқауының ақтық айналымында білім жарыстыратын болады.

 

 

 

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру