Исі мұсылман үшін маңызды саналатын «Мәуліт» мерекесін аптаның сейсенбісінде Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар аулының тұрғындары да атап өтті. Ақжарлықтардың қуанышын бөлісуге барған аудандық «Нұр» мешітінің жамағатын Ерсайын Сағитов пен Қайырбай Бажақанов ақсақалдар бастап барды.
«Ақжар» мешітіне жиналған жамағат алдымен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірін баяндайтын «Сағындық сені, иә, Расулалла» бейнеролигін тамашалап, кейін аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмат Әлидің уағызына құлақ түрді.
– Алла Елшісі, ақырғы Пайғамбар Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адам баласына Жәннатқа барар жолды көрсеткен адамзаттың асылы. Көзінің тірісінде өзінен кейін дүниеге келетін үмбетін досы санаған. О дүниелік боларының алдында да «Иә, үмбетім, үмбетім» деп, үмбетінің қамын жеген Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл айда көбірек салауат айтуымыз керек, – деген А.Әли Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен сыр шертіп, аталмыш мерекені тойлауды «бидғат», яғни дінге енгізілген жаңалық деу – білімсіздік екендігін алға тартты.
Жамағат бас қосқан жиында ауыл әкімі Болатбек Дүйсенбин де төбе көрсетіп, мұсылмандарды мерекемен құттықтады.
Ғибратты шара «Райгүл» дәмханасында жайылған дастархан басында жалғасты.
Ақтөбе облысы "Нұр Ғасыр" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.01.2017
3227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру