
Ақмола облыстық Жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен нәзік жандыларға арналған Мәуліт шарасы өтті. Шараға қатысушылар Мәуліт мерекесінің Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағылымды өмір жолы туралы бейне фильмнің ғибратына қанығып, бұл ізгі айдың мұсылман қауымы үшін аса шарапаты мол екенін сезінді. Себебі, біз рухани-имани жүдеуліктің теперішін де тартып жүргеніміз еш жасырын емес. Батыстың бейәдеп мәдениеті де жаулап, жастарымыз ұлттық болмысынан алшақтай түскенін де көреміз. Сондықтан ислами шаралар қашан да өзінің тәрбиелік мәнімен биіктей береді.
Бұл Мәуліт мерекесінде де осындай жақсы істерге қанығып, әсіресе, қыз баланың имани тұрғыда тәрбиеленуі аса маңызды екеніне назар аударылды. Мұндай тағылымды шаралар одан әрі жалғасатын болады.
Сондай-ақ, мешітке келушілерге Мәуліт айы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Пайғамбарымызға салауат айтыдың сауабы», «Дұға тілеу әдебі» және «Мұсылман сипаты» атты арнайы ақпараттық парақшалар мен күнтізбелер таратылды.
Бақыт Смағұл,
Ақмола облысы.
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.01.2017
3656
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру